«Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша өтінімдер 19 шілдеге дейін қабылданады

55

Шымкентте 8 шілде күні кешкі сағат 18:00-ден түнгі 23:00-ге дейін тұрғын үй жәрмеңкесі өтті. Айтулы шараға қатысқан үшінші мегаполис тұрғындары жылжымайтын мүлікке байланысты сауалдарына жауап алып, пәтерді брондау арқылы 3 млн теңгеге дейінгі жеңілдікке ие болды. Жәрмеңке биыл бірінші рет өткізіліп отыр.

Шымкентте «Бақытты отбасы» жеңілдетілген несиелік бағдарламасына қатысу үшін өтінімдер 19 шілдеге дейін қабылданады. Қазіргі таңда аталған бағдарламаға 25 мыңға жуық тұрғын қатысуға ниет білдірген. Аталған бағдарламаға үй кезегінде тұрған көпбалалы отбасы, мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған жанұя және толық емес отбасы санатындағы азаматтар қатыса алады.

Нұрлан Сұлтанов, «Отбасы Банк» АҚ Шымкент қалалық филиалы директорының орынбасары: «Бақытты отбасы» бағдарламасы аясында осы күнге дейін жалпы 19 шілдеге дейін біз өтініштерді қабылдап жатырмыз. Қазіргі таңда 25 мыңға дейін өтініш түсті. Егерде осы бақытты отбасы бағдарламасы 3 түрлі категориялар болатын болса өтініштерін беруге мүмкіндік бар».

Айта кетейік, «Арбат» демалыс аймағында тұрғын үй жәрмеңкесі өтті. Ұйымдастырушылар басты мақсат -үшінші мегаполис тұрғындарына қалада салынып жатқан жаңа құрылыс нысандарын таныстыру дейді.

Нұрлан Сұлтанов, «Отбасы Банк» АҚ Шымкент қалалық филиалы директорының орынбасары: «Субсидия жағынан да жаңалығымыз бар. Қазір мемлекет тарапынан осы жалдамалы пәтерге субсидия беру басталғаны белгілі. Сол жалдамалы пәтерге алдында тізім бойынша біз қарайтын боламыз. Қазақстан бойынша 70 мың адамға тізім жасалған болатын, сол тізімде жоқ болатын адамдар өтінішін мақұлдай алмағандар сол себепті осы тізімді қазір тізім жоқ егерде 4 түрлі категориялар болатын болса, жаңағы көп балалы аналар 1 ші 2 ші топтағы мүгедектер жетім балалар болатын болса, мүмкіндігі шектеулі бала асыраушылар болатын болса осы жерге келіп толыққанды жаңағыдай мағұлматтар алып өтініштерін бере алады».

Жылжымайтын мүлік жәрмеңкесіне 10-нан астам құрылыс компаниясы қатысып, ипотекалық кредиттерді рәсімдеудің жаңа жағдайларын ұсынды. Жәрмеңкеде қала тұрғындары құрылыс салушыдан қажет ақпарат пен кеңес ала отырып, өздеріне ұнаған пәтерді таңдау мүмкіндігіне ие болды. Тіпті сол жерде пәтерді брондаған жандарға 3 млн теңгеге дейінгі жеңілдіктер қарастырылған.

Гүлдана Дәурен