Баспана жәрмеңкесі өтеді

59

Шымкент қаласының тұрғын үй басқармасы мен «Отбасы банк» АҚ қалалық филиалының ұйымдастыруымен «Жылжымайтын мүлік жәрмеңкесі» атты іс-шара өткізіледі.

Жәрмеңке осы жылдың 08 шілде күні сағат 18.00-23.00 аралығында Шымкент қаласындағы «Арбат» демалыс аумағында өтеді.
Аталған шарада келушілерге «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясындағы жеңілдетілген несиелік баспанаға қол жеткізудің бағыттары мен шарттары кеңінен түсінідірілмек.
Сонымен қатар жәрмеңкеде еліміздегі жылжымайтын мүлік нарығында жұмыс істеп жатқан ірі құрылыс компаниялары тұрғын үй сатып алуда азаматтарға бірқатар жеңілдіктер ұсынатын болады.