Бойжеткенді пышақпен қорқытқан күдікті қолға түсті

45

Шымкентте бойжеткенді пышақпен қорқытқан күдікті қолға түсті. Әлеуметтік желіде белгісіз азаматтың жас қызды пышақпен қорқытқан бейнежазбасы тараған еді.

Жедел іздестіру жұмысының нәтижесінде бейнекамералардың көмегімен күдіктінің тұрғылықты мекен жайы анықталып, ұсталды.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 293-бабы “бұзақылық” бойынша тіркеуге алынды. Қазіргі таңда ұсталған азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеп тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

 Гүлдана Дәурен