Елде шетелдік көліктерді уақытша алып келетіндер көбейген

17

Үшінші елден әкелінген автокөліктерді тек кедендік бақылаудан өткізіп, салық пен қосымша төлем жасаған соң ғана елде айдауға болады. Кірістер комитеті соңғы кезде шетелдік көліктерді уақытша алып келетіндердің көбейіп кеткенін айтады. Олар Грузия мен Әзірбайжан азаматтары.

Автомобильді шекарадан өткізген соң, белгілі бір уақыттан кейін иесі елден кетіп қалады екен. Мамандар Еуразиялық экономикалық одақтың кеден аумағына уақытша әкелінген көлік шетелдік тауар болып есептелетінін ескертеді. Сондықтан оны бір жылдан соң елден алып кету шарт.

Айта кетейік, қазір 116 автокөлік уақытша сақтау қоймасында тұр.

Мөлдір Ибадуллаева