Білімін жоғары оқу орнында жалғастырамын деген түлектерге және магистратурада оқимын деген мамандарға Miras универститеті керемет мүмкіндіктерді ұсынады. Бағалар қолжетімді, бакалавриат және магистратурада тәлім аламын деушілерге 15 түрлі жеңілдіктер қарастырылған. Miras университеті кредиттік оқыту технологиясын алғашқылардың бірі болып енгізген жоғары оқу орны. Білім ордасы 25 жылда 30 мың жуық маман дайындады
Miras университетінде ұйымдастырылған жиында жоғары оқу орны жайлы қажетті ақпарат берілді. 25 жыл тарихы бар университет бүгінде педагогикалық, өнер, Ай Ти саласы, бизнес басқару және туризм бағытында мамандар даярлайды. Ол 24 бакалавриат, 8 магистратура білім беру бағыты бойынша жүзеге асырылады.
Марат Мамраимов, Miras университетіндегі қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы: «Оқу құны бакалавриат бойынша 300 мың теңге, магистратура бағыты бойынша -390 мың теңге. Яғни, мемлекеттік білім тапсырыстың 300 пайызын құрайды. Аз қамтылған отбасылары, мүгедек балалары бар, бірінші және екінші топтағы мүгедек, жетім, жартылай жетім, спортта және оқуда үздік нәтижелер көрсеткен талапкерлерге 10-100 пайызға дейін жеңілдік қарастырылған».
Miras университетінің қабылдау комиссиялары Тәуке хан даңғылы мен Бауыржан Момышұлы қиылысындағы ғимаратта, А. Байтұрсынов көшесіндегі «Гарантқа» қарама-қарсы, Сапақ Датқа көшесіндегі орталық кеңсе мен Ғ. Ильяев көшесіндегі ғимаратта орналасқан. Бакалавриатқа құжаттар 25 тамызға дейін, ал магистратураға 28 тамызға дейін қабылданады. Университетте әскери кафедра да бар. Жоғары оқу орнына түскен студенттер үшін жатақхана да қарастырылған. Miras университетінің басшылығы білім беру құқығына ие лицензияға қатысты да түсініктеме берді.
Евгения Ан, Miras университетінің даму жөніндегі вице-президенті: «Тексерулер 2020 жылы өтті, бұл стандартты процедура. Әр 3-5 жыл сайын барлық университет тексеруден өтеді. Сол кездегі комиссияның пікірінше, біздің мекемеде бірқатар бұзушылықтар анықталыпты. Бірақ біз олармен келіспедік және сотқа бердік. Бүгінгі таңда барлық сот процестері жоғары оқу орнының пайдасына шешілді. Яғни, бізде ешқандай бұзушылық болмағаны дәлелденіп, тиісінше лицензия ЖОО-да сақталды».
Мұндағы білім беру қызметі толығымен автоматтандырылған. Бірегей ең бастысы ұялы телефондар мен стационарлық компьютерлерден жұмыс істейді. Miras универститеті Білім және ғылым министрлігінің онлайн білім беруді реформалау жөніндегі жұмыс тобына шақырылып, онлайн білім туралы жаңа заңды әзірлеуде белсенділік танытты.
Динара Ешенқұлова, Miras университетінің өкілі: «Атамекен» рейтингісінде Мирас университетінің «Бастауыш білім беру педагогикасы мен тәсілдері бағдарламасы» Қазақстан бойынша 31 орынның 15-ін еншіледі. Сонымен қатар оқу бағдарламаларында еңбек нарығына қажетті мамандарды оқыту бойынша келісімшарт жасалған».
Білім берудің заманауи, ең озық үлгісін таңдаған білім ордасында студенттер үшін барлық жағдай жасалған. Заманауи құралғылармен жабдықталған сынып бөлмелері, 2 жаттығу залы, бассейн бар. Университетте студенттерге қызмет көрсету орталығы жұмыс істейді.
№АБ 0137422 лицензиясы ҚР БжҒМ 3.02.2010 ж. берілген