«Қазгидромет» 16,17 шілдеде Шымкентте +40 градус қатты ыстық болатынын хабарлайды

83
APA8324244-2 - 20062012 - SALZBURG - …STERREICH: THEMENBILD - Ein Termomether zeigt am Dienstag, 19. Juni 2012, in der Salzburger Innenstadt 34 Grad Celsius an. FŸr die nŠchsten Tage sind in weiten Teilen …sterreichs Temperaturen von bis zu 35 Grad zu erwarten. APA-FOTO: BARBARA GINDL

«Қазгидрометтің» № 10 дауылды ескертуіне сәйкес, Шымкент қаласы ТЖ департаменті 16,17 шілдеде Шымкент қаласында +40 градус қатты ыстық болатынын хабарлайды. Төтенше жағдайлар департаменті сақтық шараларын еске салады.

Ыстық ауа-райы жүрек-қан тамырлары аурулары, артериялық гипертензиясы бар, сондай-ақ инфаркт пен инсульт қаупі бар адамдар үшін қауіпті. Бас киімсіз далаға шықпаңыз, күндіз қарт адамдар мен балалар серуендеуден бас тартқаны жөн.
Физикалық жаттығуларды тоқтату керек.

Созылмалы аурулары бар адамдар дәрігердің ұсыныстарын нақты орындап, тағайындалған дәрі-дәрмектерді уақтылы қабылдау қажет.

Шөлді басу үшін көбірек су ішіңіз, газдалған тәтті сусындарды пайланбаңыз.
Күннің ыстық уақытында күн сәулесі тиюден сақ болу үшін серуендеуден бас тартыңыз.