Сүйікті дәрігер

295

 

Тен Светлана Владимировна 1958 жылы 07 қазанда Алматы қаласында дүниеге келген.

Жоғары білікті дәрігер еңбек жолында 29 мыңнан астам науқастарды емдеген. Көпшіліктің сүйікті дәрігеріне айналған Светлана Тенды өзге тіпті шет ел асып, науқастар іздеп келеді.

С. Тен 1983 жылы Ақтөбе мемлекеттік медицина институтын «Емдеу ісі» мамандығы бойынша аяқтаған. 1984 – 1986 жылдар аралығында бұрыңғы «Фосфор» ауруханасында терапия мамандығы бойынша интернатурадан өткен.
1986 – 1993 жылдар аралығында терапия бөлімінің терапевт дәрігері, 1993 жылдан бастап №2 қалалық ауруханасында ревматолог, 1996 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін ревматология бөлімінің меңгерушісі қызметін атқаруда.

Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының бас штаттан тыс ревматолог маманы қызметін қоса атқаруда. Светлана Владимировна Оңтүстік өңіріне танымал маман, білікті маманға көршілес облыстардан тұрғындар медициналық кеңесін алу үшін арнайы келеді. Үнемі өз біліктілігін жетілдіріп отырады.

Жоғары санатты ревматолог. 2012 жылы «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» медалімен марапатталған. Денсаулық сақтау ісінің үздігі.

Өз жұмысына тиянақты, алғыр, білікті басшы. Қоғамдық жұмыстарға белсене араласады және үлкен жауапкершілікпен қарайды. Ұжым арасында сыйлы. Корпоративтік әдепті ұстанады, жауапкершілік және орындаушылықпен ерекшеленеді, бастамашыл. Белгісіз жағдайларда белгіленген қалыптан тыс басқарушы шешімдерді қабылдай алады, іскерлік ынтымақтастыққа дайын.

Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының бас штаттан тыс ревматолог маманы