Шымкент қаласы бойынша ҚАЖ басшысының орынбасары сыбайлас жемқорлық қылмысына қатысы бар деген күдікке ілінді

59

 

 

«Отырар» телеарнасына  Шымкент қаласы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаменті бастығы орынбасарының ұсталғаны туралы бейне жазба жеткізілді.

Инсайдерлік ақпаратқа сәйкес, ҚАЖ басшысының орынбасары сыбайлас жемқорлық қылмысына қатысы бар деген күдікке ілінген.

Алдын ала мәлімет бойынша ол, қызметтегі қамқорлық пен келісім үшін қарамағындағы қызметкерлерді бопсалау арқылы пара алды деген күдікке ілінген.

Күдікті ұсталып, Шымкент қаласындағы уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Алайда, Шымкент қалалық Қылмыстық атқару жүйесі департаменті басшысы орынбасарының ұсталғаны туралы әзірге ресми ақпарат жоқ. Арна тілшілері тиісті мекемеге сауал жолдады.

Толыққанды ақпарат алдағы уақытта ұсынылады.