Шымкентте 23 жастағы бойжеткен суицид жасамақ болды

28

Сөз байласқан жігітімен жанжалдасып қалған 23 жастағы қыз өз-өзіне қол жұмсамақ болды.

Алайда полицейлер 3 қабаттан секірмек болған бойжеткенді құтқарып қалды. Шымкент қалалық ПД Жедел басқару орталығының мәліметінше, азаматшаның қонақ үйдің 3 қабатынан секірейін деп жатқаны туралы хабарлама 3 шілде күні сағат 21:40 шамасында келіп түскен.

Аталған жайт Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК 105-бабының 1-бөлігі “Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу” бойынша тіркелді.

Мөлдір Ибадуллаева