Шымкентте 6 жасар бала қауызға батып кетті

43

Шымкентте 6 жасар бала қауызға құлап, қайтыс болды. Оқыс оқиға 4 шілде күні сағат 16:30 шамасында Қайнарбұлақ ауылдық округі, Шанин көшесі бойында орналасқан жекеменшік қауызда орын алған.

Қалалық төтенше жағдай департаментінің мәліметінше, 2016 жылы туылған бала ата-анасымен бірге суға түсуге келген. Алайда қас қағым сәтте қауызға құлаған.

Ал төтеншеліктер алдағы уақытта мұндай жағдайды болдырмас үшін бірнеше кеңес ұсынды.

Нұржан Қаракөзев, Шымкент қалалық ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы:

«Жағажайлар мен бассейндердегі сақтық шаралары
* Құтқарушылар бар ресми жағажайлар мен бассейндерде және олардың жұмыс уақытында ғана шомылыңыз.
* Балаларға судың жанында ересек адамның қарауынсыз бір минутқа қалуға мүмкіндік бермеңіз!
* Нәрестелер мен 5 жасқа дейінгі балалар анатомиялық ерекшеліктеріне байланысты суға батуға бейім. Олардың денесімен салыстырғанда басы салыстырмалы түрде ауыр, ауырлық орталығы жоғары, сондықтан олар бассейнде, теңізде, ваннада және т.б. оп-оңай суға батуға мүмкін.
* Құтқару шеңберлері, үрленетін камералар жалған қауіпсіздік сезімін оятады. Есіңізде болсын, бұл құрылғылар баланы батып кету қаупінен толық қорғауды қамтамасыз етпейді».

Айта кетейік, оқиға орнына қалалық төтенше жағдай департаментінің 2 қызметкері жұмылдырылды. Қазіргі таңда айтулы дерек бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды.

                                                                                                   Мөлдір Ибадуллаева