СЭС дезинфекциялық өңдеу жұмыстарын жүргізетіні туралы жарнама шындыққа жанаспайды

36

 

 

Шымкент қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті ағымдағы жылдың 27 шілдесінде OLX жарнама қызметінде жарияланған Шымкентте санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметінің кеміргіштер мен жәндіктерге қарсы дезинфекциялық өңдеу жұмыстарын жүргізетіні туралы жарнаманың шындыққа жанаспайтынын мәлімдейді.

Бұл — жалған ақпарат. Мемлекеттік мекеменің атауын жамылып, халық сеніміне кірудің бір жолы. Сондықтан, осы және осы тектес жарнамаларға сеніп, алданып қалмауды сұраймыз!

 

Жәндіктер мен кеміргіштерге қарсы дезинфекция жасау санитариялық-эпидемиологиялық бақылау органының ҚҰЗЫРЫНА КІРМЕЙДІ.

Шымкент қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау саласының қызметіне қатысты сұрағыңыз болған жағдайда, Департаменттің «Сенім» телефонына (30 03 04) хабарласуға болады.

P.S. Түрлі зиянкестер мен кеміргіштерге қарсы өңдеу жасау үшін Қазақстан Республикасында рұқсат етілген, тіркелген залалсыздандыру препараттарымен жұмыс жасайтын мекемелердің қызметін пайдалануға кеңес береміз!