Түркістан: Ауласында 3,5 келі сора мен марихуана өсірген азамат ұсталды

30

Келес ауданында ауласына 3,5 келіге жуық сора егіп, «марихуана» сақтаған азамат ұсталды. Күдіктінің үйінен 19 түп күтіп-баптап өсірілген есірткі затына ұқсас өсімдік пен кептірілген ұнтақ табылды. Сондай-ақ есірткі қолдануға арналған арнайы бөтелкеден қолдан жасалған құрал тәркіленіп алынды. Тәртіп сақшыларының айтуынша, тұрғын есірткі затын өзі қолдану мақсатында өсіргенін мойындаған.

Гүлнар Әбдіжаппарова, Түркістан облыстық ПД баспасөз хатшысы: «Қазіргі таңда ҚР ҚК-нің 300-бабы «Құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру» мен ҚК 296-бабына «Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу» сәйкес тергеу әрекеттері жүргізілуде».

Мөлдір Ибадуллаева