Түркістан облысында астық ору науқаны қарқынды жүріп жатыр

0

Түркістан облысында биыл ауыл шаруашылығы дақылдары 851 мың гектарға орналастырылып, дала жұмыстары толығымен аяқталды. Егіс көлемі өткен жылдан 5,5 мың гектарға ұлғайды (2021 ж. – 845,5 мың га).

Егістікті әртараптандыруға сәйкес, масақты дақылдардың егіс көлемі 7,1 мың гектарға артып, 248,6 мың гектарға орналастырылды (оның ішінде бидай – 201,2 мың га, арпа – 47,5 мың га).
Астық оруға қолда бар 800-ге жуық комбайнның 90-95%-ы қатысуда. Бүгінгі күнге 23,5 мың гектар астық орылып (10%), гектар түсімділігі 17,2 центнерді құрады, 40,3 мың тонна астық қамбаға құйылды. Биыл алдын-ала жасалынған болжамдық есеп бойынша әр гектардан орташа 18,7 центнерден, жалпы 465,1 мың тонна өнім жиналады деп күтілуде. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 203 мың тоннаға артық.