«Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерімін» деп алаяқтық жасаған ер адам ұсталды

39

Ордабасы аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Әйел адамның айтуынша, оған танысы «Алматы қаласындағы кедендік бақылауда тұрған бағалы заттарын алып беремін» – деп, сеніміне кіріп, 1 500 000 теңге ақшасын алған. Алайда, ер адам берген уәдесінде тұрмай, не ақшасын қайтармай қойған.

Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеуге алды. Тәжірибелі тәртіп сақшылары алаяқтық қылмысын ашу үшін қажетті шараларды жүзеге асырды. Олар жедел-іздестіру шарасын жүргізіп, осы қылмысқа қатысы бар күдіктіні анықтады. Сезікті жергілікті тұрғын болып шықты. Оның Ұлттық қауіпсіздік комитетіне ешқандай қатысы жоқ және жұмыссыз екені де расталды.
Анықталғандай күдікті мен жәбірленуші Төрткөл ауылынан Темірлан ауылына жолға шыққанда көлік ішінде танысады. Сезікті ер адам өзін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерімін деп таныстырған. Күдікті жәбірленушінің сөзіне сеніп, екеуі өзара келісімге келген. Алайда, ер адам ақшаны алған соң, хабарсыз кеткен. Күдікті ер адам алған ақшаны бас пайдасының қажеттілігіне жаратып жіберген. Полицейлер оның басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғын анықтауда. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Түркістан облысының полицейлері таныс және бейтаныс адамдарға ақшаға қатысты шешімдерді сақтық шараларын сақтай отырып қабылдауға кеңес береді. Сонымен қатар күмәнді қызмет ұсынатын адамдарға банк шот нөмірін, ақшаны сеніп тапсырмауды сұранады.