ҚҰРМЕТТІ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ МЕН ҚОНАҚТАРЫ!
Ағымдағы жылдың 7 шілде күні «АДАЛ КӨМЕК» жобасы аясында Шымкент қаласының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Б.Қалжанов және Қоғамдық кеңес жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жұмыстарын бақылау жөніндегі тұрақты комиссияның мүшелері азаматтарды қабылдап, кеңес беретін болады.
Егер Сізде еңбек, қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласына қатысты сұрақтарыңыз болса, 8747 741 76 28 WhatsApp нөміріне жолдауыңызды сұраймыз, сондай-ақ «Аntikor ortalyǵy» (Қазыбек би көшесі, 3) ғимаратына келіп, заңгерлік кеңес алуға шақырамыз.
Қабылдау уақыты: сағат 15.30 және 17.00 аралығы