Жазғы меморандум: Балаларға суда жүзуді тегін үйретуде

45
фото oldkaz.kyzylorda-news.kz

Өңірде жыл басынан бері рұқсат етілмеген жерлерде шомылу барысында суға кету оқиғалары тиылмай тұр. Себебі жаздың аптап ыстығында суға түсетіндер саны еселеп көбейеді. Ал өз кезегінде төтенше жағдай департаментінің қызметкерлері тұрғындарға қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды.

Соңғы 1 айдың ішінде 4 балаға қатысты үй жағдайында қауыз бен әжетқұдыққа құлау жағдайы тіркелген. Мамандардың айтуынша зардап шеккен бүлдіршіндердің басым бөлігі ата-ананың қарауынсыз қалып қойған. Сондықтан да төтенше жағдай қызметкері ата-аналарды сақ болуға шақырды.

Нұржан Қаракөзов, Шымкент қаласы ТЖД Азаматтық қорғаныс бөлімінің бастығы: «Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары жазғы уақытта суға түскенде абай болыңыздар. Біздің алдын ала жасаған түсіндірмелерімізге құлақ түрулеріңізді сұранамыз. Біз ТЖД үй-үйді, аулаларды аралап тек методикалық түсіндірме жұмыстарын жасап жатырмыз».

Қаламызда жазғы уақытта шомылуға рұқсат етілген 3 орын бекітілген. Олар: Тоғыс су қоймасындағы «Холодильник», «Бадам-Рахат» және Қошқар ата өзені. Бұдан өзге қала аумағында шомылуға тыйым салынған 13 орын анықталды.

1. Бадам өзенінің қала аумағындағы арналары;
2. Сайрам-су өзенінің қала аумағындағы арналары;
3. Текесу су қоймасы;
4. Ақжар су қоймасы;
5. Шымкент магистралды каналдың қала аумағындағы барлық арналары;
6. Янги-шек каналының қала аумағындағы барлық арналары;
7. Қарасу өзенінің қала аумағындағы барлық арналары;
8. Қошқар ата өзенінің бастауынан өзге арнасы
9. Қайнарбұлақ жасанды көлі;
10. Азат каналы;
11. Көкбұлақ каналы;
12. Хауау каналы;
13. Сасық каналы

Судағы жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында ТЖ департаменті қалалық әкімдікпен бірлесіп бассейн иелерімен меморандумдарға қол қойды. Мақсат, аз қамтылған отбасылардан шыққан екі мың баланы жүзуді тегін оқытуды көздейді.

Айта кетейік төтенше жағдай департаментінде 55 қызметкер жедел-құтқару жұмыстарымен айналысады. Сонымен қатар аквопарктер мен бассейндерде 40-тан аса жеке құтқарушы жазғы уақытта суға түсушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Әсел Мәлік