“Жұмысшы топтың” алғашқы отырысы өтті

68

 

Бүгін Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы алаңында “Жұмысшы топтың” алғашқы отырысы өтті. Ағымдағы жылдың шілдесінде Түркістан облысында бизнесті қорғау экожүйесін дамыту және тартымды бизнес-ахуалды қалыптастырудың кейбір мәселелері бойынша “жұмысшы топ” құрылып, оған Түркістан облысы прокурорының орынбасары Ж.Нұрғали жетекшісі болып тағайындалған.

Топтың басты мақсаты кәсіпкерлерді негізсіз қылмыстық қудалау себептері бойынша жұмыс жасау, мемлекеттік органдардың бизнеске араласуы, рейдерлік және т.б. өзекті мәселелері бойынша талдау жасап, оны шешу жолдарын қарастыру болып табылады.

Бүгінгі отырыста топ мүшелерімен топтың жұмысы бойынша нақты қадамдары талқыланып, келесі отырысқа тиісті құзырлық органдар тарапынан кәсіпкерлерді қылмыстық қудалау шеңберіне негізсіз тартуға ықпал ететін, сондай-ақ, мемлекеттік бақылау-қадағалауды жүзеге асыру кезінде бизнестің құқықтарының бұзылуына ықпал ететін факторларға талдау жүргізіп, оның нәтижелерін талқылап, анықталған мәселелерді шешу жолдарын қарастыруға шешім етті.

Сонымен қатар, топ жетекшісімен Түркістан облысының адвокаттар алқасының ғимаратында адвокаттар қауымдастығымен кәсіпкерлікке қатысты мәселелерді талқылау мақсатында кездесу ұйымдастыру ұсынылды.