Электронды каталогпен сатып алынатын тауарлар қатары көбеймек

32

Қазақстанда электронды каталогтен сатып алынатын тауарлар қатары көбеймек. Қазірдің өзінде «Тауарлардың электрондық каталогі» жүйесінде 2 мыңнан астам пайдаланушы тіркеліп, 461 мың тауар енгізілді. Бұл туралы ҚР Қаржы вице-министрі Эльдар Қазғанбаев мәлім етті.

«Қазірдің өзінде каталогтен шамамен 16 мыңға жуық техникалық ерекшелік қалыптастырылды. Ендігі жоспар жыл соңына дейін каталогті тауарлармен толтыру және электрондық каталогінен сатып алынатын тауарлар тізбесін кеңейту бойынша жұмысты күшейтеміз. Одан бөлек, тауарларды модерациялау процесі үшін нейро желілерге негізделген машиналық оқыту технологияларын қолдану жоспары бар», – дейді қаржы вице-министрі.