9 дана қару тәркіленіп алынды

31

ҚР ІІМ нұсқауына сәйкес, республика көлемінде атыс қаруымен, оның ішінде тіркелмеген атыс қаруымен жасалатын қылмыстардың алдын алу мақсатында, заңсыз айналымдағы қаруларды анықтап, тәркілеу бағытында 2022 жылдың тамыз айының 25-28 күндері аралығында «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Іс-шараның 2 күнінде тәртіп сақшыларымен қала аумағында 499 қару иесі тексеріліп, 34 әкімшілік хаттама толтырылды. 9 дана қару тәркіленіп алынды.
Тәркіленген, заңсыз қару азаматтық және қызметтік қару айналымын бақылау тобы және ЖПҚБ-ның учаскелік полиция инспекторларымен алынды.
Атап өтер жайт, іс-шараның негізгі мақсаты – қала көлемінде заңсыз сақталған қаруды және оқ-дәрілерді тәркілеу және олардың сатып алу көздерін, оны заңсыз жеткізу арналарын анықтау. Сонымен қатар, заңсыз қаруды сақтау, алып жүрумен айналысатын тұлғалар мен ұйымдасқан қылмыстық топтарды анықтау, отты атыс қаруымен жасалатын қылмыстардың алдын-алу, ескерту және оларды ашу, жедел жағдайды тұрақтандыру болып табылады.