Азаматтық некедегі күйеуі теледидарын ұрлап кетті

25

Сайрам аудандық Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданды. Оның айтуынша, азаматтық некедегі күйеуі үйінде тұрған «Филипс» маркалы теледидар мен бұрғылау құрылғысын ұрлап кеткен. Жәбірленушіге келген шығын көлемі 270 000 теңге.

Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеуге алды. Полиция қызметкерлері хабар алған бойда ұрлық қылмысын ашу үшін қажетті шараларды жүзеге асырды. Олардың жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде, күдікті ер адам анықталды.
Белгілі болғандай, күдікті мен жәбірленуші өзара келісімге келе алмай, жанжалдасып, салдарынан әйел адам өзінің туыстарына кетіп қалған. Арада 2-3 күн өткен соң келгенінде, азаматтық некедегі күйеуі үйіндегі заттарды ұрлап, өзі кетіп қалған. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.