Úı ANONS Биыл тауар экспорты 56 пайызға артты

Биыл тауар экспорты 56 пайызға артты

Қазақстанда биыл тауар экспорты 56 пайызға артты. Еліміз шет мемлекеттерге 42 млрд. доллардың тауарын саудалады.

Көбіне мұнай, уран, бидай секілді тауарлар экспортқа шығарылған. Ресей, Қытай, Италия, Түркия және Оңтүстік Корея еліміздің негізгі сауда серіктестері. Осы және өзге мемлекеттермен алыс-беріс құны биыл 63 млрд доллардан асқан.

Сонымен бірге импорттың үлесі де азайған жоқ. Сауда және интеграция министрлігінің дерегіне үңілсек, әсіресе көлік құрастыруға арналған материалдар, дәрі-дәрмек пен қара металдан жасалған бұйым, телефон құралдары шетелден көбірек сатып алынған.