Биылғы жылдың соңына дейін ветеринарлардың жалақысы 60%-ға өседі. Бұл туралы ауыл шаруашылығы вице-министрі айтты.
Қазіргі таңда мал дәрігерлерінің орташа есеппен жалақысы әр аймақта әр түрлі деңгейде. Мәселен, Қызылорда облысында 98 мың теңге болса, Павлодарда 206 мың теңге. Сол себепті, айлықты біркелкі, бірізді қылу көзделуде.
Министрлік саладағы осы және басқа да өзекті мәселелерді зерттеп, «Ветеринария жүйесін реформалау туралы» жол картасын бекіткен. Сондай-ақ, қазіргі таңда елімізде 1800-ге жуық ветеринар жетіспейді. Сол себепті, мамандарды дайындау және жұмысқа орналастыру үшін ауыл жастарына мамандық бойынша берілетін квотаны 30-дан 70%-ға өсіру жоспарланып отыр.
Бірақ ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы жастар ауылға барып, мал дәрігері болып жұмыс істегісі келмейтінін айтып отыр.
Шынар Оразова