Сайрам ауданында газбен қамту үлесі 73,8 пайызға жетті

56

Түркістан облысы Сайрам ауданында табиғи газбен қамту үлесі 73,8 процентке жетті. Жалпы бүгінде аудан аумағындағы 42 елдімекеннің 31-і газға қосылған.

Өткен жылы 5 жоба бойынша 7 аумаққа жергілікті бюджет есебінен қаражат қарастырылып, мердігер мекемелер анықталған. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Бұдан бөлек жаңақұрылыс аумағының басым бөлігі де газға қосылған. Айта кетейік, аудан 2025 жылға дейін 100 пайыз табиғи газбен қамтылады деген жоспар бар.

Мөлдір Ибадуллаева