Шымкент әкімінің қабылдауында 250-ге жуық азаматтың өтініші тыңдалды

21

Шымкент әкімі Мұрат Әйтенов азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдауда 250-ден аса тұрғын проблемасын көтерді. Басым бөлігі тұрғын үй, әлеуметтік сала, инфрақұрылым және заңсыз құрылыс жөніндегі талап-тілектерін жеткізді.

Сондай-ақ қарапайым халық арасында әлеуметтік дүкен және қонақ үй ашамын деушілер,емхана салуға инвестор болуды көздегендер және қаланың өркендеуіне қатысты идеяларымен бөлісіп келгендер де болды.

Мегаполис басшысы әр азаматтың өтінішін тыңдап, қала тіршілігіне бейжай қарамайтын белсенді тұрғындарға алғысын білдірді. Әрі жауапты сала басшыларына тапсырма жүктеді.

Мөлдір Ибадуллаева