Шымкентте 223 мектептің 218-і бес күндік оқу кестесіне көшеді

141
DCIM100MEDIADJI_0017.JPG

Жаңа оқу жылында  223 мектептің 218-і бес күндік кестеге көшеді. 218 мектептің  оқушылары аптасына бес күн оқиды.

Шымкенттің бас педагогы Жанат Тәжиева өткен жылы бес күндік мерзім бойынша қанша мектеп оқығанын және қыркүйек айынан бастап қанша мектеп ауысатынын айтты. Өткен жылы Шымкентте 157 мектептің оқушылары бес күндік, 46 мектептің оқушылары аптасына алты күн оқыған.

Жанат Тәжиева, Шымкент қ. білім басқармасының басшысы

Жанат Тәжиева, Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы: «Шымкент қаласының 223 мектебінің  218-і бес күндік, ал қалған  5 мектеп аптасына алты күн оқитын болады. Биыл жаңадан  20 мектеп қосылды, жалпы қалада 223 білім беру мектебі балаларды оқытады».

Тағы бір жаңалық, орыс тілі мен әдебиеті сабағында  оқушылар екі топқа бөлінбейді. Сондай-ақ, дене шынықтыру сабақтары кезінде қыздар мен ұлдар бөлініп, сабақ өтпейтін болды  дейді  шахардың бас педагогы.

Жанат Тәжиева  бірде-бір мұғалім жұмыстан босатылмайды деп сендірді.  Қалада 20 жаңа мектепте   штат бар. Сонымен, мектептерде 1310 орыс тілінің педагогтары мен 1385 дене шынықтыру мамандары жұмыстарын жалғастырады. Әрине, жүктеме азаяды.