Шымкентте тозығы жеткен мектеп-лицейі қайта жаңарды

26

Шымкент қаласы, Сайрам тұрғын алабындағы №107 мектеп-лицейі күрделі жөндеуден өтуде. 2000 орынға арналған білім ордасының жылу жүйесі 11 жыл бұрын ауыстырылса, шатыры мен есік-терезесінің қойылғанына 8 жыл болған.

Биыл ғимараттың тозығы жеткен тұстары бүтінделіп, шатырының 955 м2 ауысты, электр жүйелері 100%-ға жаңарды. Информатика, физика, химия, биология, логопед кабинеттері заман талабына сай жаңғырып, 2 интерактивті тақта, 350 ноутбук, 130 компьютер, 200 планшет және 8 панель сатып алынды.

Жалпы мектеп жаңа оқу жылына 90%-ға дайын. Қазіргі таңда аяқ жолдар төселіп, асфальттау жұмыстары жүргізілір жатыр.

Мөлдір Ибадуллаева