Шымкенттің қақ ортасындағы нысан қоршауға алынды. Неге?

70

Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің нысанды қоршауға алуы  шымкенттіктерді шошытқаны рас. Терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штаб бүкіл блоктың қоршауға алынғаны туралы түсініктеме берді. Белгілі болғандай, мұнда лаңкестікке қарсы оқу-жаттығулар өткен.

«Іс-шараның мақсаты – құқық қорғау және арнайы органдардың төтенше жағдайларды жою тапсырмаларын орындау және шартты терроризм актісін жолын кесу бойынша практикалық дағдыларды дамыту», – деп түсіндірді штабтан.

Ведомство азаматтарды өтіп жатқан лаңкестікке қарсы оқу-жаттығуларға түсіністікпен қарауға, қауіпсіздік шараларын сақтауға және мемлекеттік органдар өкілдерінің заңды талаптарын сақтауға шақырды.