Жекпе-жек бойынша турнир аяқталды

85
фото Түркістан

27 тамызда ASPAN спорт кешенінде Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының кубогіне арналған жекпе-жек бойынша республикалық турнир өтті.

Аталған іс-шараның мақсаты салауатты өмір салтын насихаттау, Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының, күштік және арнайы құрылымдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің дене шынықтыру даярлығы деңгейін және қатысушылардың спорттық шеберлігі мен біліктілігін арттыру болып табылады.

Турнирге Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің, Қаржы мониторинг агенттігінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Ішкі істер министрлігінің, Қорғаныс министрлігінің, Төтенше жағдайлар министрлігінің, Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкерлері қатысты.

Спортшыларды қолдауға бокстан Олимпиада чемпионы Серік Сапиев пен Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Василий Левит келді.

Барлығы алты түрлі салмақ дәрежесі арасында 6 медаль жиынтығы ойнатылды.

Турнир жеңімпаздары:
67 кг дейінгі салмақ санаты
3 орын — Қанат Абдулла (ҰҚК)
2 орын — Ертарғын Мәліков (МКҚ)
1 орын — Аманбек Жаманқараев (ІІМ)
73 кг дейінгі салмақ санаты
3 орын — Абылай Табанов (ҰҚК)
2 орын — Әлішер Қайырбеков (ІІМ)
1 орын — Данияр Қойшыбек (МКҚ)
80 кг дейінгі салмақ санаты
3 орын — Арман Әбетанов (ҚМА)
2 орын — Нұрдәулет Байбосынов (МКҚ)
1 орын — Айдын Төленбаев (ІІМ)
88 кг дейінгі салмақ санаты
3 орын — Мәди Хабиев (МКҚ)
2 орын — Ілияс Мұхамадиев (ҰҚК)
1 орын — Рахметолла Сатыбалдиев (ІІМ)
97 кг дейінгі салмақ санаты
3 орын — Дәурен Ибрагимов (ҰҚК)
2 орын — Қанағат Мағмұр (ІІМ)
1 орын — Ердәулет Жеңіс (МКҚ)
97 кг жоғары салмақ санаты
3 орын — Мұхтархан Мұқат (ҚМА)
2 орын — Мейрамбек Алматов (ІІМ)
1 орын — Райхан Мәди (ҰҚК)

Жеңімпаздарды құқық қорғау және арнайы органдардың бірінші басшылары марапаттады.

Жалпы командалық есепте мемлекеттік органдар арасында орындар былайша бөлінді:
3 орын — Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрамасы;
2 орын — Мемлекеттік күзет қызметінің құрамасы;
1 орын — Ішкі істер министрлігінің құрамасы.

Іс-шара соңында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Олжас Бектенов турнирге қатысушыларға алғысын білдіріп, алдағы Конституция күнімен құттықтап, баршаға зор денсаулық, гүлдену және бақ-береке тіледі.