Жалған шот-фактурамен айналысқандарға қатысты сот үкімі шықты

53
фото rg.ru

Шымкентте 1,5 млрд теңгеге жалған шот-фактура жазып берген азаматтар сотталды. Сот үкіміне сай заңсыз әрекет еткендер 2 жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар 7 жылға дейін кәсіпкерлік және қаржылық қызметпен айналысуға тыйым салынды. Қаржылық мониторинг агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті ресми өкілінің мәліметінше, сотталушының түпкілікті мүлкі тәркіленіп, мемлекет меншігіне қайтарылған.

Әлібек Әбділов, ҚР ҚМА ресми өкілі: «ҚМА Шымкент қаласы бойынша департаментімен жалпы сомасы 1,5 млрд теңгені құрайтын жалған шот-фактура жазумен айналысқан азаматтар М.А.Ажибаевқа, А.О.Акыновқа және А.Ақынға қатысты қылмыстық іс өндіріспен аяқталып, сотқа жолданған. Сот үкіміне сәйкес, 2 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.Сонымен қатар, сотталған тұлғаның атына тіркелген «Toyota» маркалы автокөлік тәркіленіп мемлекет меншігіне айналдырылды».

                                                                                    Мөлдір Ибадуллаева