Жетісай: Базарда тазалау жұмыстары басталды

49
Жетісайдағы «Күлпаршын» базарын қайта қалпына келтіру жұмыстары басталды. Өрт қалдықтарын тазалау жұмыстарына Жетісай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөліміне қарасты «Жетісай қызмет» МКК қызметкерлері мен жалдамалы жұмысшылар, ерікті азаматтардан 100-ге жуық адам, 10 шақты техника жұмылдырылған.
Одан бөлек, базарда сауда жасаушы кәсіпкерлер де асарға көмекке келуде.
Арнайы комиссия жапа шеккендер шығынын есептеу жұмыстарын жалғастыруда.