Әл Фараби ауданы 500 текше метр қоқыстан тазартылды

82

 

«Дүниежүзілік тазалық күніне» орай өткен жалпықалалық сенбілікте Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы 500 текше метр қоқыстан тазартылды.

Тазалық акциясына аудан аумағында орналасқан барлық мекемелер, кәсіпкерлер мен белсенді азаматтар атсалысты.

Сенбілікте Әл-Фараби ауданы бойынша саябақтар мен гүлзарлар, аула және көшелер, ирригациялық арықтар, контейнерлер қоқыстан тазартылды. Аулалардың шөбі орылып, қураған ағаш бұталары кесілді.

Шараға 6 мыңнан астам азамат, оның ішінде 250 коммуналдық жұмысшы және 80 арнайы техника жұмылдырылды.