Шымкенттегі ипподром құрылысы Бозарық ауданында орналасқан. Қазіргі уақытта жаңа нысан белсенді түрде таныстырылуда.
Жаңадан салынып жатқан нысан аумағына 10 күн ішінде Шымкент қаласы әкімдігі, Дене шынықтыру және спорт басқармасы, Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының өкілдері және Құрылыс басқармасы, Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының өкілдері арнайы келді. Сонымен қатар қала ақсақалдары мен конкуршы балалардың ата-аналары, олимпиадалық резервтегі ат мектебінің жаттықтырушылары, құрылыс салушы компанияның басшылығы келіп танысты.
Нысанның құрылысы басталғалы жұмыстың да көлемі арта түсті. Ауданды игеру де 1,5 есеге артқан. 24 Га-дан 39 Га-ға дейін, жарыс шеңберінің ұзындығы — 14 мыңнан 41 мың шаршы метрге дейін, аумақтың ауданы бірден екі есеге-10-нан 20 м-ге дейін кеңейтілді.
Жер жұмыстарының көлемі 550 000 м3-ге артты. Сондай-ақ BI Group компаниясы өз қаражаты есебінен құны 1 млрд теңге болатын манеж құрылысын бастады. Ипподромды салуға 6 млрд теңгеден астам қаражат кетті.
Келген қонақтар жаңа ипподромның ауқымы мен сапасына риза болды. Бұл Қазақстандағы ең үлкен ипподром болады деп күтілуде.
«Бұл ипподром біздің өңірдегі басты көрікті жерлерінің біріне айналады. Ипподрымды салушы компания осы нысанды салу барысында халықаралық деңгейдегі нормативтік стандарттарға сәйкес жоғары жауапкершілікпен қарағаның байқауға болады. Жаңа ипподромның пайда болуы Шымкент қаласы мен еліміз бойынша ат жарыс спорт түрінің дамуына ықпал етері сөзсіз», — деп Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов ерекше атап өтіп, назарға алды.
Бұл нысан арнайы 1500 көрермен сыятындай есеппен салынған. Ипподромдағы манеждерден басқа 100 атқа арналған арнайы қорасы, жабық ғимараты, ветеринариялық блок, арнайы бөлмелері мен 310 көлікке арналған өте кең автотұрағы салынуда. Ал, жоғарғы қабатында ашық террассалар болады.
«Расымен де бұл ипподром — елдің ат спорты индустриясының бет-бейнесі екендігіне дәлел болмақ. Осыған қарап ат спортының даму деңгейі мен болашаққа деген перспективалары туралы айтуға болады. Жаңа нысан ірі халықаралық жарыстар мен ойын-сауық жарыстары үшін басты локация болуға әбден лайық. Қазіргі уақытта Ат спорты айтарлықтай дамып келеді. Осындай игі істің бір бөлшегі болғанымызға біз өте қуаныштымыз», — деп BI Shymkent/Tashkent басқармасының директоры Арман Қабылқас өз ойын жеткізді.
Сондай-ақ, келген қонақтар ипподром құрылысының тез аяқталуын және жаңа жердегі жаттығуларын асыға күтетіндіктерін жеткізді.
«Жаңа ипподромның пайда болуы біз үшін жақсы жаңалық. Осы жерге көшіп келгенімізге өте қуаныштымыз. Мұндай мықты жобаның еліміздегі олимпиадалық ат спортының өркендеуіне ықпал ететініне сенімдімін. Шымкентте салынған бұл ипподром алдағы уақытта қарыштап дамып, жаңа спортшылардың қосылғанын қалаймын», — деді Олимпиада резервінің ат спорты мектебінің жаттықтырушысы Екатерина Орловская.
Қазіргі уақытта Қазақстанның тарихы терең көне қалалардың бірі Шымкент жақсы қарқынмен дамып келеді. Қала республикалық мәртебеге ие болғалы бері жыл сайын жаңа инвестициялар мен ірі компанияларды тартуда. Барлық ауданында заманауи нысандар пайда болуда. Бұл дегеніміз жергілікті сәулеттің дамып, қала қонақтары мен тұрғындардың назарын аударуда. Алдағы уақытта осы ипподром қаланың сәнің келтіріп, көрермен көзайымна айналары сөзсіз. Қала тұрғындары ипподромның ашылуын асыға күтуде.