Jusan Bank балаларға марафонға қатысуға мүмкіндік сыйлады

Балалар спорт мектептерінің, сондай-ақ балалар үйлерінің 200-ден астам тәрбиеленушісі Shymkent Marathon ауқымды шарасына қатысуға мүмкіндік алды. Бұл мүмкіндікті оларға демеуші болып, қаражат бөлген Jusan Bank сыйға тартты. Бұл Jusan Bank-тың қайырымдылық ісінің алғашқысы емес, компания әрдайым салауатты өмір салтын сақтау идеясын қолдайды.

200-ден астам жасөспірім мегаполистің басты спорттық іс-шарасы Shymkent Marathon-ға қатысуға мүмкіндік алды. Балаларға ауқымды жүгіріске қатысу мен тіркелуге Jusan Bank қолдау көрсетті. Марафонға жалпы қала бойынша 5 мыңнан астам адам қатысты. Олардың барлығынының басын біріктірген – салауатты өмір салтына деген махаббат.

Сымбат Расул, «Jusan Bank» АҚ HR-менеджері: «Jusan әрқашан салауатты өмір салтын сақтау идеясын қолдайды. Сондықтан балалардың Шымкент марафонына қатысуы үшін ақшалай қаражат бөлді. Марафон жыл сайын мыңдаған адам жинайды. Бұл – оңтүстік өңірдің ең жарқын спорттық іс-шарасы. Jusan мұндай шараны қолдауға әрқашан дайын, өйткені марафон батылдықтың, табандылықтың және мақсатқа жетудің символы. Jusan салауатты өмір салтын қолдайды!»

Демеушінің қолдауымен жаппай жүгіруге Төлеби отбасы үлгісіндегі балалар ауылының, Сабыр Рахымов атындағы Шымкент Республикалық Жас Ұлан мектебінің, №12 мектеп-интернатының, сондай-ақ №2 жеңіл атлетика мен велоспорттан балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушілері қатысты. Қатысушылардың жас мөлшері 13 пен 17 жас аралығында. Айта кетейік, олардың басым бөлігі үшін бұл – алғашқы марафон.

Қуаныш Құдайбергенов, №12 мектеп-интернатының тәрбиеленушісі: «Біздің демеушіміз – «Жусан банк». Біз өзімізді сынауға келдік бұл жерге, бірінші рет қатысып тұрмын. Бір ай дайындалдық осыған. Бірінші орын алғым келеді, сондай сезім бар».

Абылайхан Оспанов, Төлеби отбасы үлгісіндегі балалар ауылының тәрбиеленушісі: «Бүгінгі марафонды өткізіп отырған Шымкент марафонға алғысымызды айтамыз. Біздің өмірімізге, денсаулығымызға пайдасы көптен-көп тиеді. Өзіме және барлық қатысушыға осф марафонда сәттілік тілеймін!»

Jusan Bank – Қазақстандағы ең ірі банктердің бірі. Ол өз клиенттері мен кәсіп үшін Jusan мобильді қосымшасындағы қызметтердің бірыңғай кешенін ұсынады. Онда қаржылық сауаттылықты тегін үйренуге, онлайн сатып алулар жасап, карта мен депозит ашуға, сондай-ақ, несие алуға және бағалы сыйлықтар мен бонустар ұтып алуға болады.

07.04.21 ж. № 1.2.35/225/37 лицензияны Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі берген.