«Мефедрон» синтетикалық психотроптық есірткісін сатқан күдікті 10 жылға сотталды

39
фото Елорда ақпарат

ҚМА Шымкент қаласы бойынша департаменті аса ірі көлемде «мефедрон» синтетикалық психотроптық есірткісін сату және 9300 АҚШ доллары сомасындағы жалған ақша қаражатын өткізу фактісі бойынша қылмыстық істі аяқтады.

Күдіктіге қатысты «қамауға алу» түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Сот үкімімен ұсталған азамат кінәлі деп танылып, оған 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.