Мегаполиске жаңа автобустар әкелінді

28

Шымкентте автобустар қатары көбейді. Үшінші мегаполиске білім күні қарасаңында жаңа 6 қоғамдық көлік жеткізілді. Олар бүгіннен бастап халыққа қызмет көрсетуге кірісті. Шымкент қалалық жолаушылар көлігі басқармасы алдағы уақытта тағы да автобус санын арттыруды жоспарлап отыр.

149 бен 55 бағыттағы автобустар интервалы азайды. Енді 149 әр 15 минут сайын қатынаса, 55-тің арасы 12 минут болады. Өйткені, қос бағытқа су жаңа автобустар берілді. Әрі қоғамдық көлікті бірнеше жылдық тәжірибесі бар жүргізушілер тізгендейді.

Бүгінге дейін Қайнарбұлақ елдімекенінен қатынайтын 149 автобустың интервалына қатысты халық біраз шағым білдірген еді. Енді бұл қоғамдық көлік саны 6-дан 10-ға көбейді. Яғни, жолаушыларды алаңдатқан мәселе шешімін тапты. Ал Ынтымақ 2 елдімекеніне қатынайтын жалғыз 55 автобус 8-ге көбейді.

Мақсұт Исахов, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары: «Үлкен шаралардың бірі бұл мынау біздің тасымалдаушылардың жаңа автобус алуы. Мені ең қуантатыны автобустың саны емес, мемлекеттің араласуынсыз жеке тасымалдаушы өздері тікелей қаржыларына сатып алғаны. Демек бұл қаламызда жүргізіліп жатқан реформаның нәтижесі».

Айта кетейік, бүгінде мегаполистегі қоғамдық көліктер саны 1000-ға жуық. 78 тұрақты қалалық маршрут бойынша күнделікті бағытқа 843 автобус шығады. Ал, пайдалану мерзімі 3 жылға дейінгі автобустар 89%-ды құрайды. Алдағы уақытта бұл көрсеткішті арттыру мақсатында тиісті жұмыстар атқарылады дейді сала жауаптылары.