Úı ANONS Сарыағашта оқушыны зорлады деген мұғалімге қатысты тергеу аяқталды

Сарыағашта оқушыны зорлады деген мұғалімге қатысты тергеу аяқталды

Сарыағаш ауданында оқушысын зорлады деген күдікке ілінген мұғалімге қатысты тергеу аяқталып, іс сотқа өтті.

Естеріңізге сала кетейік, шамамен осыдан 4 ай бұрын Сарыағаш аудандық полиция басқармасына жергілікті тұрғын кәмелет жасына толмаған қызына қатысты жыныстық сипаттағы іс-әрекет жасады деп, жергілікті мектеп мұғалімінің үстінен арызданған болатын. Оқиға бойынша мектеп мұғалімі 9-сынып оқушысын білім ошағының қабырғасында зорлады деген күдікке ілінген еді.

Жаға ұстатқан аталған жайт ҚР ҚК 122-бабы 1-бөлігі (16 жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе нәпсіқұмарлық сипаттағы өзге де әрекеттер) бойынша тіркеліп, күдікті жас жігіт анықталып, ұсталған болатын.

Бүгінде 3 айға созылған тергеу амалдары аяқталды. Енді мектеп мұғалімнің ісін сот шешеді.

Гүлнар Абдужаппарова, Түркістан облысы ПД баспасөз хатшысы: «Аталған жайт бірден ҚР ҚК 122-бабы 1-бөлігі бойынша тіркеуге алынып, тиісті тергеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, тергеу барысында аталған оқиға ҚР ҚК 122-бабының 3-бөлігіне қайта сараланып, 3 ай бойына тергеу амалдары жүргізілді. Күдікті ретінде жас жігіт, мектеп мұғалімі анықталып, қамауға алынды. Бүгінгі таңда жинақталған құжаттардың барлығы Түркістан облысының сотына жолданды. Ендігі уақытта соттың қаулысымен нақты шешім шығарылады».