Шымкентте 1 апта ішінде «102» байланыс номеріне 8063 әр түрлі сипаттағы қоңырау түсті. Соның ішінде 3670-і Полиция департаментіне тіркеуге алынды.
Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тексеріс барысында бейнебақылау камераларының көмегімен 17 қылмыс ашылды. Атап айтар болсақ, 12 ұрлық, 1 автокөлікті заңсыз айдап кету, 4 ұсақ түйекті жымқыру фактілері анықталды.
Сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық бойынша 1199 жайт анықталып, әкімшілік хаттама толтырылды.