Шымкентте героин есірткісін іш киімінде сақтаған адам құрықталды

57

Есірткі тасымалдаушылар оны сақтау және тасымалдаудың түрлі әдістерін ойлап тауып, айласын асырып келеді. Кезекті жайт Шымкент қаласында орын алды.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлерімен «Қарасора-2022» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында аса ірі көлемде есірткі заттарын сақтап, оны тасымалдаған күдікті құрықталды. Ол 49 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты.

Тексеру барысында аталған азаматтың іш киіміне жасырылған полиэтиленді пакеттен есірткі заты тәркіленіп алынды.
Сараптама нәтижесімен, тәркіленген зат «героин» есірткісі екендігі анықталып, жалпы салмағы 20 грамды құрады.
Бүгінде аталған азаматқа қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігімен (Аса ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.
Атап өту қажет, ұсталған тұлға бұрын да осыған ұқсас қылмысты жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылып, сотты болған.