Шымкентте тағы бір есірткі курьері құрықталды

20

Шымкентте кезекті есірткі курьері құрықталды. Қалалық Полиция департаменті«Қарасора-2022» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында есірткі заттарын таратумен айналысқан 34 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады.

Белгілі болғандай, ол оңай ақша табу мақсатында есірткіні жасырын орындарға тығып келген. Сараптама қорытындысына сай, тәркіленген заттар 20 граммнан астам синтетикалық есірткі екені анықталды.

Бүгінде аталған азаматқа қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігімен қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдікті Уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.