Үшінші мегаполисте Отбасы күніне орай «Салауатты отбасы —салауатты қоғам» атты отбасылық-спорттық жарыс өтті. Бәйгеде құрамы 4 адамнан тұратын 25 жастан жоғары 10 команда бақ сынады.
7 түрлі эстафеталық жарыстың мақсаты — балалар мен ата-аналардың денсаулығын нығайтып, салауатты өмір салтын насихаттау дейді ұйымдастырушылар.
Байқау қорытындысы бойынша, жоғары ұпаймен Оралхан Есембаевтың «Жанұя» командасы жеңіске жетті. Жүлдегерлер мен сайысқа қатысқан барлық отбасыға алғыс хат пен бағалы сыйлықтар табыс етілді.