Түркістан облысында мейрамханаға ұрлыққа түскен күдікті анықталды. Төлеби АПБ-ға жергілікті тұрғын белгісіз біреу оның аудан орталығында орналасқан кафесін тонағаны жайында арызданған.
Жәбірленушінің мәліметінше күдікті кассадағы 100 мың теңгені, құны 60 мың теңге тұратын сиыр еті мен 2 дана спирттік ішімдікті жымқырып кеткен. Тұрғынның жалпы шығын көлемі 170 мың теңгені құрады.
Бұл оқиға ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркелді. Куәгерлерден сұрастыру барысында ұрлыққа түскен жұмыссыз жергілікті тұрғын екені анықталды. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілір жатыр.