Úı ANONS Түркістан облысында 160 мың кәсіпкер бар

Түркістан облысында 160 мың кәсіпкер бар

Түркiстан облысы екiншi жыл қатарынан «Бизнесті жүргiзу жеңiлдiгi» рейтингінің қорытындысы бойынша үздiк өңiр атанды.

Бұл рейтингтен орын алу үшін 50% статистикалық көрсеткішке сүйенсе, 50% кәсiпкерлермен сауалнама жүргізіледі. Биыл облыста кәсіпкерлер саны 160 мыңға жетті. Сондықтан, бизнеске қолдау бойынша “Қарапайым заттар экономикасы”, «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасы кәсiпкерлер арасында сұранысқа ие.

Биыл бағдарлама бюджетi 57%-ға артып 9,6 млрд. теңгеге жетті. Айта кетейік, облыс бюджетінің кәсіпкерлерге жыл соңына дейін 25 мрлд. теңгеге жуық несие беру мүмкіндігі бар.