Түркістанда Мырзахан Пошанов атындағы ашық біріншілік өтті

51

Түркістан облысында балалар жылына орай футболдан Мырзахан Пошанов атындағы турнир өтті. Жарысқа 12 мен 13 жас аралығындағы оқушылар қатысты.

Ашық біріншілікте өңірге қарасты аудандардан 18 команда бақ сынады.

Жарыс нәтижесі бойынша 1 орынды Түркістан қаласының ССК «Астана» командасы иеленді. Ал 2 орынды Арыс қаласы футбол клубы еншісіне байласа, Сайрам аудандық Арыс спорт мектебі 3 орыннан көрінді.