Жаңаталап тұрын алабында 2 ойын алаңшасы пайдалануға берілді

Абай ауданына қарасты Жаңаталап тұрғын алабында 2 ойын алаңшасы пайдалануға берілді. Тұрғындармен кездесіп, жұмыс барысымен танысқан қала әкімі ойын алаңшасына орнатылған құрылғылардың сапасын тексерді. Сондай-ақ, қосымша жұмыстар бойынша жауаптыларға бірнеше тапсырма жүктеді.

Айта кетейік, биыл Абай ауданында 15 спорттық және 17 балалар алаңшасы халық қатысатын бюджет бағдарламасы аясында салынды.