«Қару» іс-шарасы барысында 683 қару иелері тексерілді

38

Ағымдағы жылдың 17-қазаннан бастап Шымкент қаласында «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Іс-шараның басты мақсаты — азаматтық қару айналымы саласына тиімді мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру. Бұл бойынша қару иелері, сондай-ақ аңшы дүкендері, күзет агенттіктеріне тексеру жүргізіліп жатыр. Нәтижесінде, бүгінгі күнге дейін 683 қару иелері тексерілді. 19 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Заңсыз айналымнан 6 қару тәркіленіп алынды. Анықталған кемшіліктер бойынша тиісті әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылады.
«Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы 2022 жылдың 26-қазанға дейін жалғасатын болады.