Сарыағаш ауданында электро-шәйнек өндіретін цех жұмысын бастады

114

Сарыағаш ауданында электро-шәйнек және еден сүрткіш жабдығын құрастыратын жаңа цех ашылды. Өндіріс орны күніне 700-ге жуық элетро шәйнекті шығаруға қауқарлы.

Сонымен қатар, 10 000 дана еден сүрткішті өндіру көзделген. Қазіргі таңда цех 15 жергілікті тұрғынды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Жеке кәсіпкер алдағы уақытта кәсібін кеңейтіп, өндіріс көлемін күніне 2 600 данаға дейін жеткізуді жоспарлауда.

Кәсіпорынның қуаттылығымен танысқан аудан басшысы өңірде сапалы әрі қолжетімді отандық өнім шығатыны көңіл қуантатынын айтты.