Úı ANONS Шу ауылының 60 жылдығына орай салтанатты шара өтті

Шу ауылының 60 жылдығына орай салтанатты шара өтті

Түркістан облысына қарасты  Созақ ауданындағы Шу ауылының 60 жылдық мерейтойы аталып өтуде. Осыған орай орталық алаңында Екінші дүниежүзілік соғысына қатысушы ардагерлер және батыр аналардың есімі жазылған құрмет тақтайшасы орнатылды.

Сондай-ақ, салтанатты шарада бәйге, күрес, қошқар көтеру, көкпар сынды ұлттық спорт түрлерінен бәсекелер өтті. Дүбірлі тойда Қазақ күресінен тараздық Мергенбай Бақберген «түйе балуан» атанса, екінші орынды Созақтық балуан Досыбаев Дәулет иеленді. Ал Қошқар көтеруден арыстық Азамат Мақұлбеков бас жүлдеге қол жеткізді. Жарыс жеңімпаздары мен жүлделі орын иелері қомақты сыйлықтармен марапатталды.

Шара соңы концертке жалғасып, Сәкен Майғазиев, Кенжебек Жанәбілов, Жұбаныш Жексенұлы сонымен қатар, Заттыбек Көпбосынұлы, «Диета KZ» тобы және өзге де әншілер мереке көркін кіргізді.