«Шымкент палауы – 2022» фестиваліне 41 аспаз қатысты

150

 

Шымкент қаласында дәстүрлі «Шымкент палауы -2022″ халықаралық палау фестивалі өтіп жатыр. Достық дастарханын Қоғамдық келісім» мекемесі, Шымкент қаласы ҚХА, ҚР өзбектерінің «Дустлик» қауымдастығы » бірлесе ұйымдастырды.

Биылғы фестивальге Қырғызстан, Өзбекстан Республикасынан, Алматы, Шымкент, Тараз қалалары менТүркістан облысынан аспаздар келген. Жалпы 41 аспаз палаудың 41 түрін дайындады.

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары
Мақсұт Исахов халықтар арасында достықты дәріптеу мақсатындағы іс-шараны ұйымдастырушыларға, демеушілерге алғысын жеткізді.
ҚР өзбектерінің «Дустлик» қауымдастығының төрағасы Икрам Хашимжанов фестивальдің жылдан жылға аясы кеңейіп келе жатқанын атап өтті.

Фестивальде үздіктердің үздігін әділ қазылар алқасы анықтайды. Жалпы барлық қатысушылар арнайы сый-сияпаттар және Алғыс хаттармен марапатталады.