Шымкентте Агенттіктің Превенция қызметінің басшысы бизнес субъектілерімен кездеседі

82

 

Ағымдағы жылдың 21 қазанында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Превенция қызметінің басшысы Саян Ахметжанов Шымкент қаласына жұмыс сапарымен келеді.

Аталған сапар аясында кәсіпкерліктің проблемалық мәселелері мен өзара іс-қимылдың жаңа форматын талқылау мақсатында бизнес өкілдерімен кездесу өтеді.
Кездесудің модераторы Шымкент қаласы әкімінің орынбасары – А.Сәттібаев.
Диалог алаңында ірі, орта және шағын бизнес өкілдері, сонымен қатар кәсіпкерлер палатасы мен Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесінің мүшелері бас қосады.

Өткізу күні: 21.10.2022 ж., сағат 14:30 – тіркеудің басталуы, сағат 15:00 – шараның басталуы.
Өтетін орны: «Antikor ortalygy» мәжіліс залы (Қазыбек би және Тұрысов көшелерінің қиылысы).
Барлық сұрақтар бойынша 8 775 306 7850 нөміріне хабарласуға болады.