Субсидия беру тәртібін қайта қарау ұсынылды

43

Салық төлемейтін кәсіпкерлерге субсидия берілмеу керек. Осындай ұсыныс айтқан сарапшылар жақында өңірлерді аралап, кәсіпкерлермен кездескен. Олардың айтуына қарай, елде 1 млннан аса бизнес иесі ғана субсидия алады екен.

Алайда арасында мемлекетке салық төлемей, жалтарып жүргендері бар,- дейді Talap зерттеу орталығының сарапшылары.

Тіпті 1,5-4 млрд теңге субсидия алғанымен, бюджетке небары 4 мың теңге төлем жасайтындар да анықталғанын жеткізді. Олар енді шағын және микробизнес үшін мемлекеттен қаржылай тұрғыда қолдау алу ісін қолжетімді етуді ұсынып отыр.